Мұнайлы аудандық медицина саласының қызметкерлері референдумға барады
Өңірлік коалиция мүшелері Орынбасар Тоқжанов, Киікбай Ешманов, Сембіғали Зәкенов, Ғазиза Тәжібаева мен Болат Дюсалиев Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының еңбек ұжымымен жүздесті. Жиынға 80-ге жуық медицина қызметкері қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Коалиция өкілдері конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – елдегі басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту екенін атап өтті.
Сондай-ақ референдумның маңызына тоқталып, әрбір азаматтың ел тағдырына қатысты шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігі бар екені айтылды. Қатысушылар жаңа бастамалардың денсаулық сақтау саласына ықпалына қатысты сауалдарын жолдап, медициналық қызмет сапасын арттыру, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту мәселелерін көтерді.
Аурухана ұжымы 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысуға ниетті екенін білдірді.
15 наурызда өтетін референдумға қатысамыз. Біздің Қазақстан Республикасына мұндай жаңашылдық керек деп ойлаймыз. Сол себепті жаңа Конституцияны қолдаймыз. Жаңарған Заңмен еліміз даму жолында ілгері болады деген ойдамын, - деді Мұнайлы аудандық ауруханасы директорының орынбасары Зейнегүл Өтемұратова.