Otpan News Logo

Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

|
24.02.2026 15:23
Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мәлік Әбдіқадыров “Қайнар" университетінде құқықтану мамандығы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі бойынша білім алған. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде Құқық магистрі дәрежесін иеленген. 


Ұзақ жылдар бойы облыстық прокуратурада қызмет етті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқармаларында басшылық қызметтерді атқарды, «Западная курна»-2 «Лукойл-Оверсиз» жобасы Ирак мемлекеті Басра қаласында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментін басқарды. 

2020-2024 жылдары – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.

228
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!