
«Достлуг» Әзірбайжан этномәдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастырып, Мұнайлы ауданындағы №5 мектепте іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау облысында «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері жаңа оқу жылы қарсаңында қайырымдылық жасады. Бірлестік өкілдері 30 оқушыға жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын табыстады.
Мектепке асыққан балалар үшін бұл ерекше сыйлық болып отыр. Сондай-ақ, ата-аналарға қуаныш сыйлаған Әзірбайжан этномәдени бірлестігі ұстаздар мен оқушыларға игі тілектерін жеткізді.
Еліміз бойынша дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» акциясы әлеуметтік қолдауға зәру балаларды қолдауға бағытталған. Жаңа оқу жылы қарсаңында көмек көрсету арқылы әрбір баланың дұрыс білім алуына септігін тигізеді. Бұдан бөлек, Маңғыстаудағы жергілікті этномәдени бірлестіктер бұл бастаманы алдағы уақытта да жалғастыруды көздейді.
