Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
«Ақ мая Fest»: Айрақтыдағы шұбат фестивалінде шеберлік сабақтары өтіп жатыр
Жанкелді Қаржан
|
19:30, 16 тамыз 2025

Айрақты тауының баурайында ұйымдастырылған «Ақ мая Fest» фестивалінде шұбаттан түрлі тағамдар әзірлеудің шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Іс-шараға өңірдегі шаруа қожалықтарының өкілдері қатысып, өз өнімдерін ұсынуда, деп хабарлайды otpannews.kz.


Атап айтқанда, Маңғыстау ауданынан – «Алдоңғар» шаруа қожалығы, Ақшұқыр ауылынан – «Жеті лақ фермасы», Шетпе ауылынан – «Құлжановтар» шаруа қожалығы, Түпқараған ауданынан – «Нұрай» шаруа қожалығы, Жаңаөзен қаласынан – «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС жиылған жұртшылық назарына өз өнімдерін ұсынуда.


Фестиваль барысында қатысушыларға шұбат-смузи, шұбаттан құрт пен табиғи сүзбе әзірлеу жолы көрсетілді. Сондай-ақ балқаймақ пен шұбаттың бірнеше түрі таныстырылып, көпшілік дәм татты.


- «Алдоңғар» шаруа қожалығы бүгінгі «Ақ мая Fest» шұбат фестиваліне Маңғыстау ауданынан арнайы келіп, өз өнімін ұсынып отыр. Шаруа қожалығының иесі – Сатыбалды Алдоңғар. Шаруашылық негізінен түйе өсіреді. Шұбаттан құрт, сүзбе, май, ірімшік секілді өнімдер дайындаймыз. Біздің мақсат – ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынды дәріптеу және халыққа оның түрлі қоспасыз, табиғи түрін жеткізу, – деді «Алдоңғар» шаруа қожалығының өкілі Ақбала Алдоңғар.


Фестиваль қонақтары қожалықтар ұсынған өнімнен дәм татып қана қоймай, ұлттық сусынды әзірлеу әдіс-тәсілдерімен танысты.

30
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!