«Ақ Мая Fest»: шұбат фестивалі гала-концертпен жалғасты
Жанкелді Қаржан
|
21:54, 16 тамыз 2025

Айрақтының баурайында өткен шұбат фестивалі кезінде қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысқан гала-концерт өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған мәдени іс-шарада көрермендерге ерекше шоу ұсынылды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Аталған кеште симфониялық оркестр, диджейлер мен рэп орындаушылар өнер көрсетіп, концертке заманауи реңк бере түсті. Гала-концерттің басты хедлайнері - Ерке Есмахан, Raim, Luina, Amre, Yenlik және «Ұлытау» тобы болды.
Бүгінгі фестиваль ерекше өтіп жатыр. Бірнеше әндерімді орындадым. Айрақтының баурайында ән айту маған ерекше сезім сыйлады. Маңғыстаулықтарға мың алғыс. Нағыз қонақжай, рухы биік халықсыздар, — деді кеш барысында әнші Yenlik.
Фестиваль кезінде мәдени кешке 15 мыңнан астам көрермен жиналды. Көпшілік ерекше көңіл-күймен бөлісіп, өңірдің мәдени өміріне серпін беретін осындай шаралардың жиі ұйымдастырылу қажеттігін атады.
Биыл Маңғыстау өңірі үшін тарихи жыл болды. Облысымыз ұлттық киіммен Гиннесс рекордын орнатып, «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» деген мәртебеге ие болды. Бұл - барша маңғыстаулық үшін үлкен мақтаныш, - деді маңғыстаулық Жәмила Дәуқараева.


Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ