Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
«Ақ Мая Fest» фестиваліне алғашқы автобустар жолға шықты
Жанкелді Қаржан
|
12:50, 16 тамыз 2025

Ақтаудан Айрақтыда өтетін «Ақ Мая Fest» шұбат фестиваліне қатысушыларды тасымалдайтын алғашқы автобустар жолға шықты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Тұрғындарды іші кең, орындықтары жұмсақ, салқындатқышы бар yutong маркалы 15 автобус тасымалдайды. 


Ерекше шараға асыққан тұрғындар билет алып, өз орындарына жайғасып жатыр.


Фестивальге Ақтаудан —«Nur Plaza» қонақүйі алдынан және Жаңаөзеннен — Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) алдынан автобустардың алғашқы легі жолға шықты. Келесі автобустар 13:00 және 14:00-де жөнелтіледі.  


Барып-қайту құны – 1500 теңге.


Айта кетейік, «Ақ Мая» — ұлттық дәстүр мен заманауи өнерді тоғыстырған ерекше фестиваль. Шара аясында шұбаттан шеберлік сағаттары, ұлттық ойындар, дрон және лазерлік шоулар мен эстрадалық концерт өтеді. Қатысушылар Райм, Ерке Есмахан, Әмре, Енлік, Луина, DJ Abailuck және «Ұлытау» тобының өнерін тамашалай алады.

30
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!