Маңғыстау облысы әкімінің кубогы: Жаңаөзенде шағын футболдан үздіктер анықталады
Жанкелді Қаржан
|
17:15, 17 тамыз 2025

Бүгін Жаңаөзен қаласында теңбіл доп шеберлері арасында финалдық ойын өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Мұнайшылар қаласында шағын футболдан Маңғыстау облысы әкімінің кубогының финалдық ойындары ұйымдастырылмақ.
«Күні бойы жанкүйерлерді жартылай финалдық тартысты ойындар күтсе, кешке көптен күткен финалдық сайыс өтеді. Баршаңызды алаңға шақырамыз! Нағыз футбол мерекесін бірге тамашалайық», - деді турнирді ұйымдастырушылар.
Айта кететін жайт, шағын футбол турнирінің финалдық сыны №8 мектеп футбол алаңында өтеді.
Бұдан бөлек, Әмин Тұяқов атындағы стадионта өтетін Маңғыстау облысы әкімінің кубогы қарсаңында ерекше көңіл күй сыйлайтын «Ozen Fest» мерекелік кеші де көрермендерін күтеді.
Бұл кеште тірі дауыста әндер шырқалып, көңілді шоу-бағдарламалар мен тосынсыйлар көпшілікке ұсынылмақ. Мәдени іс-шара сағат 19:00-де басталады.

Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ