
Маңғыстау облысында жоғары білімі бар медицина мамандарын даярлау үшін 2025-2026 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарын тағайындау бойынша комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша резидентураға құжат қабылдау осы жылғы 18-19 тамызда жүзеге асырылмақ. Конкурс комиссиясының отырысы 21-22 тамыз күндері өтеді деп жоспарланып отыр.
Үміткерлерді резидентураға қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Тапсыруға міндетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурс комиссиясы төрағасы атына өтініш;
2) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша «дәрігер» біліктілігінің бар екендігін көрсететін құжат (диплом көшірмесі);
3) резидентураға тапсырған емтихан қорытындысы;
3) жеке басын куәландыратын құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда түсушілерден құжаттар қабылданбайды.
Құжат қабылдаудың мекен-жайы: Ақтау қ, 3 ш/а, 52 ғимарат, 202 кабинет
Байланыс телефоны: 8/7292/ 57-12-04.
