Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Маңғыстауда «Ақ мая FEST» шұбат фестивалі басталды
Otpan News
|
18:26, 16 тамыз 2025

Маңғыстауда Айрақты тауының баурайында «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылып жатқан «Ақ мая FEST» шұбат фестивалі басталды.


Фестивальде «Shubat Bar», «Ақ мая Lab», «Steppe games» және «Shubat talks» атты төрт аймақ жұмыс істеуде.


«Shubat Bar» аймағында түрлі әдіспен дайындалған шұбаттан дәм татып көруге болады. Мысалы, қонақтарға классикалық, жидек қосылған, жалбызбен және мұзбен дайындалған шұбаттың түрлері ұсынылады.

Шұбат негізінде «Shubat Mojito», «Desert Breeze», «White Steppe» сынды коктейль түрлері де бар.


«Ақ мая Lab» аймағында шұбат дайындау бойынша шағын шеберлік сағаты өтуде. Бұл аймақта шұбат дайындайтын шеберлер ұлттық сусынның ерекшелігіне тоқталып, қалай ашытылатынын түсіндіреді.


Ал «Steppe games» аймағында қатысушылар гір көтеру, асық ату және садақ ату бойынша өзара бақ сынауда.


«Shubat Talks» аймағында ағаш үй ішінде мәдениет, дәстүр, денсаулық, дұрыс тамақтану тақырыбында дәрістер мен стендаптар өтуде. Фестивальге арнайы шақырылған фермерлер қатысушыларға шұбат дайындау процесін баяндап жатыр.


Сондай-ақ, қонақтарға арналған ерекше фотозона ұйымдастырылған. Кеш барысында лазерлік және дрон шоу ұйымдастырылып, елімізге танымал жұлдыздар Ерке Есмахан, Raim, Luina, Amre, Yenlik және Ulytau тобының қатысуымен концерт өтеді.

54
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!