Otpan News Logo

Маңғыстаулық жас атлеттер ел чемпионатынан жүлдемен оралды

|
23.02.2026 10:49
Маңғыстаулық жас атлеттер ел чемпионатынан жүлдемен оралды

21-22 ақпан күндері Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан есту органдары зақымданған 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Еліміздің әр өңірінен жиналған спортшылар бақ сынаған додада Маңғыстау облысының құрамасы да табысты өнер көрсетті. Жарысқа Маңғыстау облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушылары өңір командасы сапында қатысып, аймақ намысын абыроймен қорғай алды. Жас атлеттер бірнеше бағдарлама түрінен жүлделі орындарға ие болып, өздерінің дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.


Чемпионат қорытындысы бойынша ядро итеру сайысында Семен Акулиналтын медаль жеңіп алып, ел чемпионы атанды. Осы жаттығу түрінен Бақберді Оразбек күміс жүлдеге ие болды.


400 метрге жүгіруде Жоламан Жақсылық мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медаль еншіледі. Биіктікке секіруде Қожаберді Сұлтанов қола жүлдегер атанса, үш қарғып секіруде Бақберді Оразбек күміс, ал Қожаберді Сұлтанов қола медаль жеңіп алды. Ұзындыққа секіру сайысында Семен Акулинтағы бір күміс жүлде иеленіп, жарысты қос медальмен аяқтады.


Командалық сайыстарда да маңғыстаулық ұлдар жоғары нәтиже көрсетті. 4×200 метрлік эстафетада Жоламан Жақсылық, Оразбек Бақберді, Семен Акулин және Қожаберді Сұлтанов құрамасы алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды. Ал 4×400 метрлік эстафетада осы құрам күміс жүлдеге ие болды.


Жалпы командалық есепте Маңғыстау облысының ұлдар құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш өңірдегі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар спортын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін аңғартып отыр.

284
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!