Маңғыстаулық әскерилер референдумға қатысады
“Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” өңірлік коалициясының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері “Жаңа Конституция жобасының қоғамдық келісімді қалыптастырудағы рөлі” тақырыбында 75488 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті.
Кездесуге қатысқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, Маңғыстау облысының Аналар кеңесі, Сарбаздар Аналар штабының төрайымы Амангүл ДЖайлханова, МО ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақтау қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ирина Беляева, 75488 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Алмас Демесинов, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Абзал Марат қатысып, сарбаздармен бірге жаңа ата заңның маңыздылығын талқылады.
Құқықтық құжаттың ел дамуы мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі айрықша рөлі кеңінен айтылды. Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық реформалардың демократиялық қағидаттарды нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар 15 наурызда өтетін референдумның да жаңа конституцияның болашағы үшін маңызды қадам екені айтылды.