Otpan News Logo

Маңғыстаулық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында жүлделі орын алды

|
01.02.2026 09:59
Маңғыстаулық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында жүлделі орын алды

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, білім бәйгесіне Маңғыстау облысынан 15 жас зерттеушілер қатысып, І орынды 1 оқушы, ІІ орынды 7 оқушы, ІІІ орынды 3 оқушы иеленді. Ерекше жетістігі үшін 4 оқушы грамотамен марапатталды.


І орын иегері:

- Оңғарбай Мадияр - Жаңаөзен қаласы, Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушысы («Медицина, психология, экология» секциясы);


ІІ орын иегерлері:

- Бөлешбек Зере - Ақтау қаласы, “IQ Intellectual school” жекеменшік мектептің 5-сынып оқушысы («Медицина, психология, экология» секциясы);

- Панабай Қосай - Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);

- Мертаев Нұрали - «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы («Физика, космос» секциясы);

- Ақмырза Ахмедияр - Мұнайлы ауданы, IQ жекеменшік бастауыш мектептің 4-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);

- Нұрлан Дінмұхамед - Мұнайлы ауданы, IQ жекеменшік бастауыш мектептің 2-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);

- Қовлан Айдос - Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);

- Бисенбай Естай - Қарақия ауданы, №6 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы («Химия, биология» секциясы).


ІІІ орын иегерлері:

- Алдоңғор Томирис - Ақтау қаласы, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицейінің 5-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);

- Танатарова Райиана - Ақтау қаласы, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицейінің 5-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);

- Бақтыбай Жансезім - Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы).


Ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталғандар:

- Эсенқұли Айдын – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы («Химия, биология» секциясы);

- Асырбек Ясин - Түпқараған ауданы, Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы («Физика, космос» секциясы);

- Қалдыбай Нұрбол - Мұнайлы ауданы, №18 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы);

- Есен Айтжан - Мұнайлы ауданы, №18 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы).


Айта кету қажет, 2025 жылы республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Маңғыстау облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, І орын - 4 оқушы, ІІ орын -7 оқушы, ІІІ орын - 1 оқушыны иеленген болатын. Бұл көрсеткіш өңірімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүйелі дайындықтың қалыптасқанын айғақтайды.

389
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!