Otpan News Logo

Маңғыстаудағы Түйесу құмынан саңырауқұлақтар табылды

|
20.11.2026 13:21
Маңғыстаудағы Түйесу құмынан саңырауқұлақтар табылды

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстау өңіріндегі Түйесу құмынан ерекше табиғи құбылыс байқалды. 19 қарашада археолог Андрей Астафьев әлеуметтік желідегі парақшасында Сенек ауылы маңындағы құм арасынан саңырауқұлақтар табылғанын хабарлады.


Құмды алқапты аралау барысында Андрей Астафьев құмның арасында өсіп тұрған саңырауқұлақтарды кездестірген. Ерекше олжа сапарға қатысушыларды да таңғалдырған.


– Мұның Түйесу құмы екеніне ешкім сенбейді. Құм арасындағы төмпешікті аяғымызбен сәл түртіп қалғанда, осындай ерекше көрініске тап болдық. Қандай да бір саңырауқұлақтар өсіп тұр. Бүгін – 19 қараша. Ал Сенек ауылы маңындағы құмды алқаптан саңырауқұлақ кездестіруге болады, – деді ол.


Әзірге табылған саңырауқұлақтардың нақты түрі анықталған жоқ. Дегенмен құмды және шөлейтті аймақтарда құрғақ климатқа бейімделген саңырауқұлақтардың кездесетіні белгілі. Олардың кейбірі құмды топырақта, әсіресе жауын-шашыннан кейін ылғал жеткілікті болған жағдайда өседі. Мұндай саңырауқұлақтардың пайда болуы ауа температурасына, жауын-шашын мөлшеріне және топырақтың жағдайына байланысты.


Болжамдардың бірі бойынша, бұл Montagnea тобына жататын шөлейтті аймақтарға тән тақташалы саңырауқұлақ (Montagnea arenaria) болуы мүмкін. Халық арасында оны «құм бал саңырауқұлағы» деп те атайды.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!