Otpan News Logo

Ақтаулық Луиза Нұрқуатова SuperStar KZ 2026 жобасының финалында өнер көрсетеді

|
20.11.2026 12:10
Ақтаулық Луиза Нұрқуатова SuperStar KZ 2026 жобасының финалында өнер көрсетеді

OTPANNEWS.KZ. – Ақтаулық жас әнші Луиза Нұрқуатова SuperStar KZ 2026 музыкалық телевизиялық жобасының финалына жолдама алды. Қазіргі таңда ол байқауда туған қаласының намысын қорғап, көрермендердің қолдауына үміт артып отыр.


Луиза Нұрқуатова – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бірінші курс магистранты. Ол «Эстрада өнері» мамандығы бойынша білім алуда. Өнер иесі шығармашылық жолын сегіз жасында Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдениет үйінен бастаған. Дәл осы жерде оның музыкаға деген қызығушылығы оянып, сахнадағы алғашқы қадамдары қалыптасты.


Жас әнші осы уақытқа дейін халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген музыкалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Соның ішінде 2015 жылы Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық балалар музыкалық байқауында жеңіске жетіп, Қазақстанның атынан өнер көрсетті.


Кейін кәсіби білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жалғастырып, бакалавриат бағдарламасын үздік дипломмен тәмамдады. Бүгінде магистратурада білімін жетілдіре отырып, шығармашылық ізденісін жалғастырып келеді.


Айта кетейік, SuperStar KZ музыкалық жобасы араға 20 жылға жуық уақыт салып, қайтадан көрерменге жол тартты. Бұл жоба жас орындаушыларға өз өнерін кеңінен танытып, кәсіби сахнада танылуға мүмкіндік беріп отыр. Луиза байқаудың іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде финалға шықты.


Алда қатысушыларды тағы алты байқау кезеңі күтіп тұр. Әр кезеңде олардың жобадағы тағдыры көрермендердің дауыс беру нәтижесімен анықталады. Ең аз дауыс жинаған қатысушы байқаудан шығады.


ЛУИЗАНЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАУҒА БОЛАДЫ?


Дауыс беру әр сенбі сайын сағат 20:00-ден 22:15-ке дейін өтеді.


Жерлесімізге қолдау білдірудің екі жолы бар:


  • жобаның ресми Telegram-боты арқылы дауыс беру;
  • дауыс беру жүйесінде көрсетілген арнайы телефон нөміріне қоңырау шалу.


Луизаның байқаудағы реттік нөмірі – №7.

11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!