Otpan News Logo

Маңғыстаулық дзюдошы Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі

|
09.02.2026 15:53
Маңғыстаулық дзюдошы Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі

Маңғыстау облысының балуаны Асқар Нарқұлов Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі, деп жазады otpannews.kz.

 

Қазақстан дзюдошылары ақпан айының соңында Ташкентте басталатын Гранд Слэм бәсекесінде сынға түсетіні мәлім болды. Олардың қатарында Маңғыстау облысының өкілі Асқар Нарқұлов та бар.

 

Аталған турнир 27 ақпан мен 1 наурыз күндері аралығында өтеді. Дәстүрлі турнирге қатысатын балуандар тізімін Халықаралық дзюдо федерациясы жариялады.

 

Бұл бәсекеге Қазақстан ерлер құрамасынан 12 балуан татамиге шығады деп күтіліп отыр. Жалпы, бәсекеге 31 елден 268 спортшы қатысатын болады.

 

Қазақстан құрамасының балуандары:

 

60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 кг: Ақылжан Жұбатқанов, Нұрқанат Серікбаев

73 кг: Аңсарбек Ғайнулин, Әнуар Жұмагелдин

81 кг: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов

-100 кг: Бағжан Байтас, Бейбіт Мәдиев

+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев.

 

Қазақстан дзюдошылары 7-8 ақпан күндері Парижде өткен Гранд Слэм бәсекесінде 3 қола медаль иеленген болатын. Бұл сынға Маңғыстау облысының балуаны Бауыржан Нарбаев та қатысты. Айта кететін жайт, Асқар Нарқұлов 2025 жылы Семейде өткен ел чемпионатында 81 келіде жеңімпаз атанған.   

189
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!