Otpan News Logo

Маңғыстаудағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсенді дауыс беруде

|
15.03.2026 15:06
Маңғыстаудағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсенді дауыс беруде

Референдумда ҮЕҰ саласының өкілі Жақсыгүл Махамбетова өз таңдауын жасау үшін дауыс беруге келді. Өзімен бірге немерелерін де ертіп келген. 


Ол референдум – ел болашағы үшін маңызды саяси науқан екенін атап өтіп, әрбір азаматтың дауыс беру арқылы өз пікірін білдіруі маңызды екенін айтты.


- Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Балаларды да ертіп келдім. Себебі, осының барлығы балалардың, жастардың болашағы үшін жасалып жатқан дүние. Олар оны көзбен көріп, түсініп өсуі тиіс. Барлығымызға таңдау құқығы берілген. Мінеки, бүгін өз құқығымызды пайдаланып, таңдауымызды жасадық,- дейді Жақсыгүл Махамбетова.


Сонымен қатар Жақсыгүл Махамбетова мұндай саяси науқандар қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің артуына ықпал ететінін атап өтті.

33
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!