Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда түйе сүтінен жасалған ірімшік әлемдік байқауға қатысады

Маңғыстауда түйе сүтінен жасалған ірімшік әлемдік байқауға қатысады

Маңғыстауда түйе сүтінен жасалған ірімшік әлемдегі ең беделді ірімшік байқауларының бірі – World Cheese Awards чемпионатына қатысады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Биылғы байқауда 46 елден 5 244 түрлі ірімшік ұсынылды. Өнімдерді 250-ден астам кәсіби маманнан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Қазылар құрамында маңғыстаулық ірімшік жасайтын мамандар Александра Григолова және Никита Кобзев болды. 


Маңғыстауда өндірілетін түйе сүтінен жасалған ірімшік ресми түрде халықаралық жарыстарға қатысуы үшін үшінші квалификациялық кезеңнен өтті. Бұған дейін әлемдік деңгейдегі байқауларда түйе сүтінің ірімшігіне арналған жеке категория болмаған. Ұзақ уақыт бойы түйе сүті ірімшік өндіруге жарамсыз деп есептелген еді. Біз ғылыми зерттеулерге негізделген бірегей технологияларымызды 8 ай бойы әзірлеп, сынақтан өткіздік. 2023 жылы біздің қатысуымыздан кейін Франциядағы «Mondial du Fromage» байқауы түйе ірімшігіне арналған категория енгізді, ал биыл біз осы ірімшікпен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алдық. Енді Маңғыстаудың түйе сүтінен жасалған ірімшіктері World Cheese Awards байқауына ресми түрде қатыса алады. Келесі жылы қараша айында байқау Испанияда өтеді. Бұған дейін біздің өнімдер Норвегия мен Португалияда таныстырылған болатын, - деді Александра Григолова.


Түйе сүтінен жасалған ірімшік жаңа номинация ашу үшін үш жыл бойы үздіксіз квалификациялық кезеңдерден өткен.


Үш жыл қатарынан өзге мемлекеттер бізді ерекше қарсы алып жүр. Бүгінде әлемдік ірімшік индустриясы Қазақстанда түйе сүтінен ерекше әрі бірегей өнімдер әзірленетінін біледі. Келесі жылы біз барлық әріптестер мен қонақтарды Қазақстанға шақырдық. 2026 жылдың қыркүйек айында Ақтауда «CheeseOpen 2026» халықаралық сүт форумы мен ірімшік байқауы өтеді. Әлемнің 20-дан астам елінен келген әріптестеріміз өз ірімшіктерін алып келіп, байқауға қатысуға, Маңғыстау өңірінің табиғаты, мәдениеті және ұлттық тағамдарымен танысуға қызығушылық білдірді, - деді Алексндра Григолова.
41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!