Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Депрессия: қазіргі қоғамдағы өзектілігі, себептері, клиникалық көріністері және алдын алу жолдары

|
17.11.2025 14:38
Депрессия: қазіргі қоғамдағы өзектілігі, себептері, клиникалық көріністері және алдын алу жолдары
Ашық дереккөзден алынған

XXI ғасырда психикалық денсаулық мәселелері медициналық және әлеуметтік ғылымдардың маңызды зерттеу нысанына айналды. Солардың ішінде депрессия –ең жиі кездесетін және еңбекке қабілеттілікке елеулі әсер ететін психикалық бұзылыс.


Қазіргі қоғамдағы ақпараттық жүктеменің артуы, әлеуметтік-экономикалық қысым, урбанизация және отбасылық құрылымдардағы өзгерістер депрессияның таралуына ықпал етуде.


Депрессия тек эмоциялық күйдің төмендеуі ғана емес, ол адамның танымдық функцияларын, әлеуметтік өзара әрекетін, физиологиялық жағдайын терең өзгертуі мүмкін күрделі бұзылыс. Сондықтан оны жүйелі зерттеу және алдын алу жолдарын әзірлеу – қоғамдық денсаулықпен тікелей байланысты міндет.


Депрессия ұзаққа созылатын терең мұң, немқұрайлылық, қуаныш сезімінің жойылуы, энергия тапшылығы және өзін төмен бағалау секілді белгілердің жиынтығымен сипатталатын аффективті бұзылыс. Психиатрияда ол көбіне үлкен депрессивті эпизод немесе үлкен депрессивті бұзылыс ретінде қарастырылады.рі Депрессияның негізгі белгілері эмоциялық симптомдар ұзаққа созылған мұң, үмітсіздік Өмірге қызығушылықтың азаюы , эмоциялық әлсіздік, жылауықтық.


Сонымен қатар зейіннің төме ндеуі шешім қабылдауда қиындық «Мен пайдасызбын», «ештеңе өзгермейді» сияқты негативті ойлар. Физиологиялық симптомдары ұйқының бұзылу, тәбеттің өзгеруі созылмалы шаршау , бас ауруы, дене ауырлықтары. Мінез-құлықтық өзгеруі қоғамнан оқшаулану белсенділіктің төмендеуі , күнделікті функцияларды орындау қабілетінің әлсіреуі болып табылады.

Психологиялық факторлар тоқталатын болсам балалық шақтағы эмоционалдық жарақаттар, созылмалы стресс, төмен өзін-өзі бағалау, тұлға типтері (мысалы, перфекционизм).


Депрессияға шалдыққан тұлғаларға әлеуметтік факторларда әсер етуі мүмкін ол, жұмыссыздық, қаржылық қиындықтар, әлеуметтік оқшаулану, отбасылық қақтығыстар қоғамдық қысым, буллинг, әлеуметтік желідегі салыстыру т.б.


Депрессия жеке адамға ғана емес, қоғамға да үлкен салмақ түсіреді атап айтатын болсам Еңбек өнімділігінің төмендеуі, мүгедектікке әкелетін психикалық бұзылыстар ішінде бірінші орын әлеуметтік қатынастардың әлсіреуі, суицид қаупінің көтерілуі


Қорытындый келе, депрессия – күрделі әрі көпқырлы психикалық бұзылыс. Оның кең таралуы қоғам үшін маңызды әлеуметтік-денсаулықтық мәселе болып отыр. Депрессияны ерте анықтау, кәсіби көмекке жүгіну, әлеуметтік қолдау мен психологиялық сауаттылықты арттыру — аталған мәселенің тиімді шешімдері.


Психикалық денсаулық — жалпы денсаулықтың ажырамас бөлігі. Сондықтан депрессияны елемей қою емес, оны түсіну, қабылдау және қажетті көмек алу – әр адамның өмір сапасын жақсартудың басты шарттарының бірі.


Автор : Психолог Джумабаева Д.Х.


50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!