Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасы іске қосылды

|
17.11.2025 11:19
«Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасы іске қосылды

Маңғыстау облысында жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған жаңа жоба – «Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жастар басқармасының хабарлауынша, бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген жастарды технологиялық өзгерістерге бейімдеу, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу және өңірлік цифрлық платформаларды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асты.


Жобаны Timur Academy жекеменшік ұйымы әзірледі. Қосымшаны дайындауға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және Маңғыстау облысының жастар саясаты басқармасы тапсырыс берді.


- Қосымша Android және iOS операциялық жүйелерінде қолжетімді. Онда жастарға арналған түрлі ақпараттық және сервистік мүмкіндіктер біріктірілген. Атап айтқанда, қолданушылар:

• өңірдің соңғы жаңалықтарымен танысады;

• Ақтау қаласында өтетін конкурстар, байқаулар және шаралар туралы ақпарат алады;

• жастарға арналған бос жұмыс орындарын қарай алады;

• түрлі цифрлық ресурстарды пайдалана алады, - деп атап өтті өңірлік жастар басқармасы.


Платформада өңір жастарына арналған 10 тегін курс та бар. Жобаны ұсынушылар курстардың бағыты еңбек нарығындағы сұранысқа ие салаларды қамтиды дейді. Атап айтқанда,

• Жасанды интеллект негіздері

• Мұғалімдерге арналған ЖИ құралдары

• No-Code инженерия

• Data Analytics

• ЖИ графикалық дизайн

• Цифрлы маркетинг

• Стартап бастау

• ЖИ фото-видео монтаж

• ЖИ бизнес құралдары

• Практикалық AI технологиялары курстары.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!