Ақтау әуежайы жарақат алған баланың еміне 2 миллион теңге моральдық өтемақы төлейді
2024 жылдың жазында Астана-Ақтау бағыты бойынша ұшып келген балалрдың бірі әуежайда жарақат алды. Қолын экскалатормен жарақаттап алған 2 жасар баланың анасы сотқа шағымданған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Жолаушы Астанадан кәмелетке толмаған 2 баламен ұшып келген. Ғимараттың жолаушылаушылар терминалынан шыққаннан кейін 2 жасар баласы аэропортқа қайта кіріп кеткен. Әуежайға жалғыз оралған қыз бала қозғалатын эскалатор механизміне қолын қойып қалып, саусағын жарақаттап алған. Оқиғадан соң ол балалар ауруханасында емделген.
Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, оған 10 жасқа толғанда саусақты түзету бойынша ота жасау қажет. Жәбірленушінің анасы моральдық шығынды әуежайдан өтеуді талап етіп, сотқа жүгінген.
Әуежай өкілі бұл талап қоюмен келіспейтінін білдіріп, жазатайым оқиға әуежай қызметкерлерінің кінәсі емес, баланың эскалаторға өз бетінше жақындап, жарақат алуынан болғанын атап көрсеткен.
Алайда сотта қаралған бейнематериалдарда әуежай инспекторының ғимаратқа шығу есіктері арқылы кірген баланың қолын ұстағаны, бірақ оның соңынан ілеспек болған анасының көңілін аулап, баланы босатып жібергені анықталған. Инспектор әйелді әуежай ғимаратына кіргізбей, баланы қараусыз қалдырған, нәтижесінде қыз бала эскалатормен көтеріліп, сол жерде жарақат алды.
Сот жазатайым оқиғаға әуежай қызметкерінің кінәсінен орын алған деген қорытындыға келді. Өйткені инспектор кішкентай бүлдіршіннің терминал ғимаратына ересексіз кіруіне рұқсат етті.
Әуежайдың кінәсін жоққа шығаратын ешқандай дәлел келтірілмеген. Инспектордың кінәсі оның еңбек құжаттарымен: еңбек шартымен, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірмемен, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен, сондай-ақ рұқсатты бақылау мен ішкі шаруашылық тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау жауапкершілігін қарастыратын лауазымдық нұсқаулықпен расталады.
Сот анықталған мән-жайларды негізге ала отырып, әуежайды баланың заңды өкіліне моральдық шығын ретінде өтемақы ретінде 2 млн теңге төлеуге міндеттеді.