Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Тарихи жеңіс: Маңғыстаулық Ғұлама Хамзе Сурдлимпиаданың чемпионы болды

Тарихи жеңіс: Маңғыстаулық Ғұлама Хамзе Сурдлимпиаданың чемпионы болды

Маңғыстау облысының спортшысы Ғұлама Хамзе Сурдлимпиада ойындарында 66 кг салмақта сурдо-дзюдодан чемпион болып, өңір тарихындағы алғаш алтын медальді алып берді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жапонияның Токио қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарының алғашқы күнінде-ақ қазақстандық спортшы ел қоржынына салмақты жүлде сыйлады. Ғұлама Хамзе жарыстың барлық кезеңінде жоғары кәсіби дайындық пен мықты шеберлік көрсетіп, қарсыластарын сенімді түрде жеңді.


Ол алғашқы белдесуде үндістандық спортшыны, кейін жапон дзюдошысын, үшінші айналымда Германия өкілін ұтып, финалда Алжир спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.


Еске сала кетейік, сурдо-дзюдо — есту қабілеті бұзылған спортшыларға арналған дзюдо түрі. Бұл спорт Сурдлимпиаданың негізгі жарыстарының бірі саналады және Олимпиада мен Паралимпиаданың аналогы ретінде халықаралық маңызға ие.


Ғұлама Хамзенің бұл жетістігі Маңғыстау спорты үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін тарихи оқиға болды.


Чемпионның жетістігімен спортшының жеке бапкерлері Манарбек Бисекенов пен Нұрлыбай Сергазиев, сондай-ақ спорт басқармасының өкілдері құттықтап, оның қажырлы еңбегі мен табандылығын атап өтті.

20
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!