Otpan News Logo

Маңғыстауда суға кету дерегі азаймай тұр

Маңғыстауда суға кету дерегі азаймай тұр
ашық дереккөзден

Маңғыстауда суға шомылу маусымы басталғанына бір ай болды, алайда 11 адам суға кетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. 2025 жылдың осы кезеңінде суға кеткендер саны 2 адам болған еді. Қазіргі кезде төтенше жағдайлар қызметі теңізден тағы бір адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Ресми статистикаға сүйенсек, өңірдегі суға кету көрсеткіші жыл сайын жоғары деңгейде қалып отыр. Әсіресе, құтқарушылар мен қажетті жабдықтары жоқ жағажайлар негізгі қауіп ошағына айналған. 2022 жылы 11 адам, 2023 жылы 13 адам, 2024 жылы 14 адам, 2025 жылы 11 адам, ал 2026 жылы бүгінгі статистикаға сәйкес 11 адам суға кетіп отыр. Бір адамның денесі іздестірілу үстінде. Мәліметтерге сүйенсек, қайғылы жағдайдың басым бөлігі «Жабдықталмаған орындарда» болады. Бұл көрсеткіштер тұрғындардың арнайы рұқсаты жоқ қауіпті аймақтарда суға түсуді әлі де тоқтатпай отырғанын, сондай-ақ рұқсат етілген ресми жағажайларда да қайғылы жағдайлардың кездесуі азаматтардың суда сақтық ережелерін ескермейтінін көрсетеді.


Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тек шомылуға арнайы жабдықталған орындарда ғана суға түсуге болатынын ескертеді және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!