Маңғыстау тұрғындары сайлау учаскесін онлайн біле алады
Маңғыстау облысының тұрғындары өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін, сондай-ақ учаскенің нөмірі мен орналасқан жерін онлайн режимде біле алады.
Ол үшін https://sailau.e-mangistau.kz/ сайтына немесе https://t.me/man_saylaw_bot/ Telegram-ботына кіріп, арнайы жолаққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу жеткілікті.
Егер аталған платформалардан азамат туралы ақпарат табылмаса, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әкімдіктердің CALL-орталықтарына хабарласуға болады.
CALL-орталықтардың негізгі мақсаты – Маңғыстау облысының тұрғындарын сайлау науқанына қатысты ақпаратпен уақтылы әрі жедел қамтамасыз ету.
Мамандар азаматтарға өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін анықтауға, сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерін тексеруге кеңес береді. Сонымен қатар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру тәртібін түсіндіріп, дауыс беруге дайындықтың барлық кезеңінде қажетті ақпараттық қолдау көрсетеді.
Ақпараттық қолдау келесі байланыс нөмірлері арқылы көрсетіледі:
Ақтау қаласы
Мекенжайы: 4-шағын аудан, №72 ғимарат, Ақтау қаласының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (7292) 30-13-38, 8 (700) 430-13-38.
Жаңаөзен қаласы
Мекенжайы: Сәтпаев көшесі, №1 ғимарат, Жаңаөзен қаласының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72934) 4-86-14.
Бейнеу ауданы
Мекенжайы: Бейнеу ауылы, Д. Тәжиев көшесі, №10/1 ғимарат, Бейнеу ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72932) 2-15-76.
Қарақия ауданы
Мекенжайы: Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, №8 ғимарат, Қарақия ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72937) 2-21-91.
Маңғыстау ауданы
Мекенжайы: Шетпе ауылы, «Орталық» шағын ауданы, №2 ғимарат, Маңғыстау ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72931) 2-14-51.
Мұнайлы ауданы
Мекенжайы: Маңғыстау ауылы, 16-квартал, №11 ғимарат, Мұнайлы ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (7292) 46-62-31.
Түпқараған ауданы
Мекенжайы: Форт-Шевченко қаласы, Д. Тәжіұлы көшесі, №13 ғимарат, Түпқараған ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72938) 2-22-90.
109 бірыңғай байланыс орталығы
Байланыс нөмірі: 109.