Otpan News Logo

Сот шетелдік компания филиалының 700,2 млн теңгелік шағымын кері қайтарды

Сот шетелдік компания филиалының 700,2 млн теңгелік шағымын кері қайтарды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасы өткен жылғы сот қорытындысын шығарды. Мемлекет пайдасына 937,5 миллион теңге сомасына 15 талап арыз қанағаттандырылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.


Ең ірі әрі маңызды істердің бірі «А» ЖШС-мен арадағы сот процесі болды. Компания бекітілген активтердің амортизациясы бойынша шегерімдерді негіздеуге тырысып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша берілген 700,2 миллион теңгеге шағым түсірген. Алайда сот толығымен салық органының позициясын қолдады.


«А» ЖШС (бейрезидент шетелдік компанияның филиалы) филиалдың өзі сатып алмаған және оның меншігінде болмаған жүзбелі бұрғылау қондырғысы мен жабдықтардың амортизациясы бойынша шығындарды шегерімге жатқызуға әрекеттенген.


Сот филиалдың дербес заңды тұлға еместігін және бас ұйымға тиесілі активтерді салықтық есепке алуда тани алмайтынын анықтады.


«Филиал бас компанияға тиесілі мүлік бойынша амортизациялық аударымдарды есептен шығаруға құқылы емес», - деп атап өтті сотта.


66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!