Otpan News Logo

Маңғыстау облысында жаңа Конституцияның заңды күшіне енген күні 40 сәби дүниеге келді

|
03.07.2026 09:42
Маңғыстау облысында жаңа Конституцияның заңды күшіне енген күні 40 сәби дүниеге келді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енген күні Маңғыстау облысында 40 сәби өмір есігін ашты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелердің 24-і - ұл, 16-сы – қыз бала дүниеге келген.


Еліміз үшін тарихи маңызы бар осы күні дүниеге келген сәбилер жаңа Қазақстанның жарқын болашағының, отбасылық құндылықтардың нығаюының және елдің кемел келешекке деген сенімінің символына айналды.


«Әрбір сәбидің дені сау, бақытты болып өсіп, елінің дамуына үлес қосатын саналы да парасатты азамат болып қалыптасуына тілектеспіз», - деп жазылған денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!