Otpan News Logo

Маңғыстауға «Астана Балет» театры келеді

|
07.07.2026 17:02
Маңғыстауға «Астана Балет» театры келеді

Маңғыстауға шілденің 8-11 күндері «Астана Балет» театры гастрольдік сапармен келеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен симфониялық оркестрдің концерті Ақтау мен Жаңаөзенде өтеді. 


«Астана Балет» театры осы сапарымен биылғы театр маусымын салтанатты түрде түйіндемек. Бұл іс-шара халықтың әлеуметтік осал топтарына, мүмкіндігі шектеулі жандарға және Жаңаөзен қаласының тұрғындарына арналған.

 

Ал 10 және 11 шілде күндері «Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің» сахнасында бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламада қазақ және еуропа классиктерінің туындылары орындалып, әлемдік музыка мәдениетінің байлығы көрсетіледі. 


Сахнада Қазақстанның жетекші опера солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары - баритон Әділ Сұлтан, сопрано Фируза Рахметова және тенор Талғат Аллабиринов өнер көрсетеді. Олардың орындауында әлемдік классиканың інжу-маржанына айналған әйгілі ариялар мен вокалдық шығармалар шырқалады.


«Ақтауда көрсететін бағдарламамыз әлемдік музыка өнерінің нағыз інжу-маржанына айналған шығармаларды біріктіреді. Алдағы концерттер қалың жұртшылыққа жарқын әсер қалдыратынына және таныс шедеврлерді жанды орындауда жаңаша тыңдауға мүмкіндік алатынына сенімдімін»,- деп бөлісті симфониялық оркестрдің бас дирижері Арман Оразғалиев.


«Астана Балет» театры Ақтау тұрғындары мен қонақтарын маусымның жабылу кешін бірге атап өтуге және жаздың жарқын мәдени оқиғасының куәсі болуға шақырады.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!