Otpan News Logo

Каспий теңізінде жоғалған жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасуда

Каспий теңізінде жоғалған жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасуда

7 шілде күні сағат 15:45 шамасында «Omir Glamping» демалыс аймағының жанындағы жағажайда 2008 жылғы жасөспірімнің суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Содан бері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, теңіз жасағы және апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қосымша әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері де іздестіру шараларына жұмылдырылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


ТЖД мәліметінше, Каспий теңізі акваториясында жоғалып кеткен азаматты іздеу-құтқару жұмыстары осымен үшінші тәулік қатарынан үзіліссіз жүріп жатыр. Іздеу жұмысына 53 маман, 6 бірлік техника және 8 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды. Дрондардың көмегімен теңіз беті мен қол жеткізу қиын жартасты аймақтар әуеден жіті бақылануда. Алайда іздеу шараларына теңіздегі толқын мен су астындағы ағыстар белгілі бір деңгейде қиындық тудырып отыр.


Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен облыс қонақтарына шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, арнайы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда суға түспеуді сұрайды. Желді күндері теңізге шығу аса қауіпті екенін ескертеді.


Іздеу-құтқару жұмыстары ТЖД басшылығының тікелей бақылауында және ол азамат табылғанға дейін тоқтаусыз жалғасады.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!