Otpan News Logo

Заң клиникасы: Маңғыстауда тегін құқықтық көмек арқылы 15 тұрғынның мәселесі шешілді

|
03.04.2026 12:13
Заң клиникасы:  Маңғыстауда тегін құқықтық көмек арқылы 15 тұрғынның мәселесі шешілді

Ақтауда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған заң клиникасының қызметі таныстырылды. Жиынға Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжинириг университетінің студенттері, кафедра қызметкерлері мен Әділет департаменті өкілдері қатысты. Заң клиникасының жұмысымен арнайы танысуға облыстық Әділет департаментінің басшысы Аслан Каримов келді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінде Ақтаудағы Yessenov University-де заң клиникасы ашылды. Бүгін осы жердің жұмысын бақылап, атқарылған істермен таныстым. Заң клиникасы арқылы Маңғыстау тұрғындарына құқықтық көмек көрсетіп, сауат ашуға көмектеседі. Бұл бастама университет оқушыларына да орасан зор пайдасы әкеледі. Өйткені мұнда тәжірибелі жеке сот орындаушылары, мемлекеттік сот орындаушылары мен адвокаттар, нотариустар мен оқу орын базасындағы оқытушылар, сондай-ақ Заң кеңесшілерінің палатасындағы заңгерлер бірлесіп жұмыс істейді»,- деді Аслан Каримов.


Заң клиникасы Ақтауда жарты жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде орталық мамандары түрлі сала бойынша консультация өткізіп, 35 іс қаралған, оның 15-і оң шешімін тапқан. 


«Қазіргі таңда университет қабрғасында «Құқықтану» кафедрасының бастамасымен ашылған заң клиникасы белсенді жұмыс істеп тұр. Біздің мақсатымыз – өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, оларға құқықтық көмек көрсету. Біз құқықтану мамандығы бойынша білім алатын студенттердің кәсіби тәжірибе алуына да ықпал етеміз. Өйткені студенттеріміз заң саласында қызмет ететін мамандардың тәжірибелері арқылы білімін жетіліреді. Заң клиникасына жүгінетіндердің басым бөлігі – ісі жеке сет орындаушысына өткен немесе адвокаттық қызметті қажет ететін, сондай-ақ алимент ісі бойынша көмек қажет адамдар. Сондай-қ оқу орнымызда волонтерлық білім алушы 35 студент бар. Олар университетте ғана қызмет істемейді, өңірдегі 2 қала мен 5 аудан көлемінде қызмет етіп, құққытық көмек көрсетеді. Жарты жыл ішінде клиника арқылы оң шешім тапқан 15-тен аса іс бар»,- деді «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, Заң ғылымдарының кандидаты Бағдат Ауешова.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!