Otpan News Logo

Ақтауда жас кәсіпкерлер сайысы өтті

Ақтауда жас кәсіпкерлер сайысы өтті

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде оқушылар арасында жарыс өтті. "Маңғыстау жас кәсіпкер - идеядан іске" атты өңірлік мектеп хакатоны оқушылардың кәсіпкерлік әлеуетін ашып, креативті ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Сайысқа 8-10 сынып оқушылары топ болып қатысып, бизнес жоспарларын ұсынды. Ұйымдастырушылар бұл жоба жай ғана жарыс емес, болашақ бизнес-көшбасшылар мен инноваторлардың алаңы екенін айтады, деп хабарлайды otpannews.kz.


"Шараның мақсаты оқушылар арасында қаржылық сауатты арттыру, кәсіпкерлікке дағдыланып, жаңа технологияны енгізу. Жарысқа облыс бойынша 70-тен астам жоба ұсынылды. Оның ішінен іріктеліп, озып шыққан топтар бүгін бақ сынасып жатыр. Сайыс 3 кезеңнен тұрады. Оқушыларды қолдау мақсатында "Халық" қайырымдылық қорының қолдауымен жүлделі орындарға ақшалай сыйлық бар. Жеңімпаз топ жазда болатын бизнес лагерге жолдама алады", - деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша орталықтың жетекшісі Зейнеп Тастемірова.


Қатысушылар алдымен практикалық кейстерді шешеді және әлеуметтік, цифрлық, кәсіпкерлік, жасыл экономика және креативті индустрия бағыттары бойынша жоба ұсынды. Қорытынды кезеңде командалар өз жобаларын сарапшылар алдында қорғады.


"Біз Қарақия ауданы Зердебай Бекарыстанұлы атындағы №3 жалпы білім беретін мектептен келдік. Біздің жобамыздың аты "Кәсіп lub". Сайысқа әкелген жобамыз жастарға да үлкендерге де пайдасы бар. Себебі қазіргі таңда біраз адамның қаржылық сауаттылығы жоқ. Осыған байланысты есепсіз несие алу, қарызға бату деген секілді мәселелер бар. Жоба осы пробламадан шығуға өз пайдасын тигізеді", - дейді 9 сынып оқушысы Арайлым Бөрібай.


Айта кетейік, Гран-при - 300 мың теңге, 1-орын-250 мың, 2-орын-200 мың, 3-орын-150 мың теңгені иеленді.

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!