«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі автомобиль жолдарына халықтық бақылау жүргізеді
24kz
6 сәуірден бастап «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі «Халық үні» жобасы аясында «Автомобиль жолдарына халықтық бақылау» акциясын бастайды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Қоғамдық бірлестіктің мәліметінше, акцияға жол инфрақұрылымындағы проблемалы учаскелерді анықтауға тұрғындар қатысады.
- Алдымен халықтан онлайн және офлайн форматта өтініштер жиналады. Тұрғындар проблемалы жол туралы әлеуметтік желілер мен Threads платформасы, сондай-ақ жанармай құю бекеттерінде, автотұрақтарда, базарларда және автомобиль жолдарының бойында аймақтық филиал өкілдері жүргізетін сауалнамалар арқылы хабарлай алады. Халықпен тікелей байланысқа ерекше көңіл бөлінеді: белсенді тұрғындар көшпелі мониторингке қатысуға шақырылады, сондай-ақ қорытынды дөңгелек үстелдің өтетіні туралы хабардар етіледі. Жиналған өтініштер жобаның келесі кезеңдеріне, соның ішінде көшпелі мониторинг жүргізуге және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп нақты шешімдер әзірлеуге негіз болады. Тұрғындарды бейжай қалмай, қауіпсіз әрі сапалы жол ортасын қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамыз, - дейді «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Рашид Тулеуғалиев.
83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев