Otpan News Logo

Ақтауда Шығыс-1 мен Шығыс-2 шағын аудандары аралығындағы автомобиль жолы кеңейеді

|
02.04.2026 17:21
Ақтауда Шығыс-1 мен Шығыс-2 шағын аудандары аралығындағы автомобиль жолы кеңейеді

Ақтау қаласында көлік қозғалысын оңтайландыру мақсатында Шығыс-1 және Шығыс-2 шағын аудандары аралығындағы автомобиль жолын кеңейту жұмыстары басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жол құрылысы «Нұрас» жанар-жағармай бекеті аумағынан бастап арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі бағыттағы жолды жаңарту жобасы аясында іске асады. Жоба шеңберінде 4 шақырым жолға асфальт төселеді.


Бүгінгі күнге дейін «Кездесу» жанар-жағармай бекеті мен «Шотан батыр» ескерткіші аралығына дейінгі 1,3 шақырым, сондай-ақ «Нұрас» жанар-жағармай бекеті – 29А және Шығыс-1 қиылысына дейінгі ұзындығы 500 метрге автомобиль жолы кеңейіп, асфальт төселді.


Қазіргі уақытта 29А шағын ауданы, Шығыс-1 және Шығыс-2 шағын аудандары қиылысына дейінгі 600 метр жолдың құрылысы жүріп жатын. Қазір асфальттың бірінші қабаты төселіп жатыр. Алдағы уақытта екінші қабаттың жабындысы төселеді, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Исматулла Адай.


75
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!