Otpan News Logo

Қала тұрғындары христиан зиратының жағдайына шағымдануда

|
03.04.2026 09:48
Қала тұрғындары христиан зиратының жағдайына шағымдануда

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары христиан зиратының қараусыз қалғанына шағымданды. Тұрғындардың айтуынша, бұрын мұндай мәселе болмаса да бүгінде зират аумағында ұзақ уақыт бойы шығарылмаған қоқыс үйінділері жиналған, деп хабарлайды otpannews.kz.


Зираттың түбінде, дәретхана маңында қоқыстан үлкен үйінділер пайда болған. Жаңбырлы ауа райының әсері болса керек, қазіргі тазалық жайы нашар болса да, бір қарағанға сәл де болсын жақсарып тұр. Аумақта әлі де ұсақ қоқыс жиынтықтары бар. Келушілердің өздері де қалдықтарды белгіленген орындарға тастаса дейміз, бұл қоқыс шығару жұмысын жеңілдетер еді. Сонымен қатар қоқыс жинайтын орындарды қоршау қажет, себебі желдің әсерінен пластик шөлмектер мен жасанды гүлдер сияқты жеңіл қалдықтар жан-жаққа ұшып жатыр. Соның салдарынан бір жұмысты екі қайтара істеуге тура келеді”, - деді қала тұрғыны.


Мұнда жиналған қоқыстарға бірнеше айдан болған. Белгілі болғандай, мердігер мекеме келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты өз міндеттемелерін орындауды тоқтатқан. Қазіргі уақытта тендер өткізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша жақын арада жаңа мердігер анықталмақт 


Бұған дейін аумаққа қызмет көрсетумен мердігер мекеме айналысқан еді, бірақ онымен жасалған келісімшарт мерзімі өткен жылдың желтоқсан айында аяқталды. Сәуір айында жаңа мердігерді анықтау бойынша ашық конкурс өтеді. Оған дейін бұл учаскедегі тазалық жұмыстарын әкімдік жүргізеді. Мердігер ұйым анықталғаннан кейін санитарлық тазалау, абаттандыру, аумақты күтіп ұстау және басқа да қажетті жұмыстар жалғастырылады”,- деп атап өтті қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.
31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!