Otpan News Logo

Алматы – Маңғыстау бағытындағы теміржол билеттеріне 25 пайыз жеңілдік беріледі

|
02.04.2026 16:21
Алматы – Маңғыстау бағытындағы теміржол билеттеріне 25 пайыз жеңілдік беріледі

1 және 30 сәуір аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бағыттарға теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер жасайды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жазуынша, жеңілдіктер белгіленген кезеңде қолданылады және жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.


Жолаушыларға келесі бағыттарда жоғарғы орындарға 25% жеңілдік беріледі:

* № 105/106 «Петропавл – Алматы»

* № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»


Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.


Жеңілдікпен билеттер www.bilet.railways.kz ресми сайтында, сондай-ақ, теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында сатылады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!