Otpan News Logo

Шетпе вокзалы: жолаушыларға қолайлы қатынас, туристерге тиімді бағыт

|
17.11.2026 09:53
Шетпе вокзалы: жолаушыларға қолайлы қатынас, туристерге тиімді бағыт

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау ауданындағы жаңартылған «Шетпе» теміржол вокзалы қазіргі таңда жолаушыларға тұрақты қызмет көрсетіп келеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Қазіргі таңда вокзал арқылы күн сайын орта есеппен 40–50 жолаушы өтеді. Ал жазғы туристік маусымда және өзге өңірлерден вахталық әдіспен жұмыс істеуге келетін азаматтардың есебінен бұл көрсеткіш кей күндері 100 адамнан асады.


Шетпе вокзалы арқылы Семей, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Орал, Нөкіс және Бейнеу бағыттарындағы жолаушылар пойыздары қатынайды. Бұл бағыттар тек Маңғыстау ауданы тұрғындары үшін ғана емес, Жаңаөзен, Жетібай және ауданға қарасты елді мекендерге қатынайтын жолаушылар үшін де тиімді.



Атап айтқанда, Жаңаөзен, Жетібай және ауданға қарасты елді мекендердің тұрғындары үшін Шетпе вокзалы тиімді қатынас нүктесіне айналған. Олар Ақтау станциясына бармай-ақ, Шетпеден пойызға мініп, жол жүру уақытын шамамен 3,5–4 сағатқа қысқартуға мүмкіндік алады. Бұл жолаушылар үшін уақыт жағынан едәуір қолайлылық туғызады.


Вокзал қызметкерлерінің мәліметінше, жаңа ғимарат пайдалануға берілгелі жолаушылар ағыны артып, туристердің де қызығушылығы байқалады. Әсіресе жаз мезгілінде өңірдің табиғи-тарихи орындарын көруге келетін саяхатшылар Шетпе вокзалы арқылы қатынайды.


Осылайша, жаңартылған «Шетпе» теміржол вокзалы аудан тұрғындарына қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға да өз үлесін қосып келеді.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!