Ақтауда «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті
OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қаласында 2–8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыру, шығармашылық әлеуетін қолдау және дарынды жас зерттеушілерді анықтау.
Байқауға оқушылар екі жас санаты бойынша қатысты:
- «Бастауыш буын» – 2-4 сыныптар;
- «Орта буын» – 5-8 сыныптар.
Жас зерттеушілер өздерінің ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарын 12 секция бойынша ұсынып, зерттеу нәтижелерін қазылар алқасының алдында қорғады.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Маңғыстау облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Конкурстың екі жас санатында бірінші орын иеленген жобалар республикалық кезеңге жолдама алады.