Otpan News Logo

Маңғыстауда белсенді жастар жаңа Конституцияның жобасын талқылады

Маңғыстауда белсенді жастар жаңа Конституцияның жобасын талқылады

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығында жастар мен сарапшылар жаңа Конституцияның жобасын талқылады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Іс-шараға ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Асылан Кужиев пен «Саламатты ел» қоғамдық қорының директоры Гүлзира Есетова қатысып, біршама ақпаратпен бөлісті.


«Конституцияға өзгеріс енгізуді экзотикалық құбылыс деп қабылдаудың қажеті жоқ. Ел тұтқасының беріктігін арттыру үшін Ата заңды қайта қарау барлық елде болатын саясат. XXI ғасырда 90-ға жуық мемлекет жаңа конституция қабылдаған, көптеген ел парламент заңнамаларына өзгеріс енгізген. Бүгін жастармен кездесу ұйымдастырып отырмыз. Жаңа Конституция елімізге жаңа дәуір мен оң нәтиже алып келеді деп сенемін», - деді Асылан Қужиев.


Жиналыста жастар өз пікірлерін ашық айтып, ой алмасты. Спикерлер жастарды білімге бет бұрып, еліміздің дамыған елдер қатарында болуы үшін жаңа технологияны зерттеп, жасанды интеллектпен дос болуға шақырды.


«Ата заңға енгізілген өзгерістердің біршамасы білім мен ғылымға бағытталған. Адами капитал мен азаматтардың жетістігі, құқығы басты назарда болды. Жастар конституциямен танысып, негізгі бөлімдерін қарап танысуы керек деп ойлаймын. Бүгінгі жиналыста біз құнды ақпаратпен бөлістік. Ең бастысы жастарымыз студенттік шағында білімге ден қойып, бір ғана емес бірнеше қызметті атқара алатын маман болып шығуға шақырамын. Себебі бұл - заман талабы», - деді Гүлзира Есетова.
208
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!