Otpan News Logo

Нұржігіт Хайруллаев: Жаңартылған Конституция өңірдің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты

Нұржігіт Хайруллаев: Жаңартылған Конституция өңірдің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты

«Respublica» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Хайруллаев Конституцияға енгізілген өзгерістердің ел дамуы мен өңірдің өркендеуіне ықпалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оның айтуынша, Конституциялық реформалар қоғамның әділдік пен теңдікке деген сұранысына жауап беріп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтерді. Сондай-ақ халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нығайтуға негіз қалады.


Нұржігіт Хайруллаевтың сөзінше, жаңартылған Конституция Маңғыстау облысы үшін де маңызды өзгерістерге жол ашты. Әсіресе, аймақтық дамуды жандандыру, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін күшейту және азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру бағытында жаңа мүмкіндіктер пайда болды.


Сонымен қатар, ол реформалардың мемлекеттік институттардың ашықтығын арттырып, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейткенін атап өтті.


«Біздің партия үшін Ата Заңның әрбір нормасы – тұрақтылықтың, заң үстемдігі мен әділетті қоғамның кепілі. Маңғыстаудың белсенді жастары, кәсіпкерлері және жалпы жұртшылық бұл өзгерістерді зор жауапкершілікпен қабылдады. Өйткені жаңарған Конституция – еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік іргетасы», – деді Нұржігіт Хайруллаев.


Филиал төрағасы алдағы уақытта да Конституцияда айқындалған қағидаттарды басшылыққа ала отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, жастардың бастамаларын қолдауға және әрбір маңғыстаулықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!