Испания құрамасы 16 жылдан кейін әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті
Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустрияны 3:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Лос-Анджелесте өткен кездесуде Испания сапынан Микель Оярсабаль дубль авторы атанды. Ол 36 және 89-минуттарда мергендік танытса, Педро Порро 66-минутта бір гол соқты.
Испания құрамасы топтық кезеңді H тобында бірінші орынмен аяқтаса, Аустрия J тобынан екінші орын алып, плей-оффқа шыққан болатын.
Осылайша испаниялықтар әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі 16 жылға созылған жеңіссіз сериясын тоқтатты. Олар бұған дейін 2018 жылы Ресейден және 2022 жылы Мароккодан 1/8 финалда пенальти сериясында жеңілген еді. Ал соңғы рет плей-офф матчында 2010 жылғы әлем чемпионатының финалында Нидерланд құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған.
Енді Испания құрамасы 6 шілде күні 1/8 финалда Португалия құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет 48 құраманың қатысуымен АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтіп жатыр.