Otpan News Logo

Маңғыстау ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті

Маңғыстау ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті

Маңғыстау ауданында Ұлттық домбыра күніне және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Домбыра – ұлттың үні» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік кеште ұлттық өнер дәріптеліп, тұрғындарға күй мен дәстүрлі музыканың тағылымы насихатталды. Іс-шараға жиналған көрермендер домбыраның күмбірімен орындалған шығармаларды тамашалады.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, домбыра – халқымыздың рухани болмысын, тарихы мен тағдырын, елдік рухын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра. Қос ішектен төгілген әрбір күйде Ұлы даланың үні мен бабалар аманаты сақталған.


Сонымен қатар шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік рухты қалыптастыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға және мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды қадам екені атап өтілді.


29
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!