Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, ұлттық өнерді ұлықтау мен дәстүрлі мәдени мұраны дәріптеудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Аймақ басшысы өз құттықтауында домбыраның қазақ халқының рухы мен болмысын, тарихы мен тағдырын бойына сіңірген қасиетті мұра екенін айтып, оның ұлттың жадын жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ел бірлігін нығайта түсетінін жеткізді.
«Домбыра – халқымыздың рухы мен болмысын, тарихы мен тағдырын бойына сіңірген қасиетті мұра. Оның қоңыр үні ұлттың жадын жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ел бірлігін нығайта түседі. Киелі Маңғыстау – күй өнерінің алтын бесігі. Сондықтан ұлттық өнерді ұлықтап, оны жас ұрпаққа насихаттау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ұлттық домбыра күні құтты болсын!», – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Сондай-ақ облыс әкімі ұлттық өнерді насихаттап жүрген күйші-домбырашыларға, өнер ардагерлеріне, ұстаздар мен мәдениет саласының қызметкерлеріне алғысын білдіріп, барша маңғыстаулықтарға зор денсаулық, бақ-береке және әр шаңыраққа амандық тіледі.