Otpan News Logo

Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: Конституциялық өзгерістер заман талабынан туындады

Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: Конституциялық өзгерістер заман талабынан туындады

Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Конституцияға енгізілген өзгерістердің елдің одан әрі дамуы үшін маңызды қадам болғанын айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оның пікірінше, конституциялық реформалар ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған.


Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ата Заңға енгізілген өзгерістердің уақыт талабынан туындағанын атап өтті. Оның айтуынша, әлемдегі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер Қазақстанның құқықтық жүйесін де жаңғыртуды қажет етті.


«1995 жылы қабылданған Конституция тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Соңғы отыз жылда елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің құқықтық негізіне айналды. Алайда заман өзгеріп, жаңа талаптар қойылғандықтан, Конституцияны жетілдіру қажеттілігі туындады. Бұл реформалар мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына серпін береді деп сенемін», – деді ол.


Сонымен қатар ол Конституцияда адам құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға басымдық берілгенін атап өтті.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!