Otpan News Logo

Маңғыстауда 90 күндік экологиялық челлендж басталады

Маңғыстауда 90 күндік экологиялық челлендж басталады

Маңғыстау облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Эко Маңғыстау» ҮЕМ ұйымдастыруымен «Таза Маңғыстау – 2026» жобасы аясында 90 күндік экологиялық челленджі басталады.


Бұл – жай ғана челлендж емес. Бұл – әрбір тұрғынның туған өлкенің тазалығы мен экологиялық мәдениетін дамытуға қосатын нақты үлесі.


Біз лайктарды емес, нақты атқарылған экологиялық игі істерді бағалаймыз. Әрбір расталған экологиялық әрекетіңіз үшін ұпай жинап, өзіңіздің ЭкоРейтингіңізді қалыптастырасыз.


Челлендждің 5 бағыты:

Таза Маңғыстау

Жасыл Маңғыстау

Жауапты тұтыну

Экоағарту

Каспийді қорға


Челленджге Маңғыстау облысының барлық тұрғындары, отбасылар, жастар командалары, мектептер, колледждер, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да ұжымдар қатыса алады.


Жалпы жүлде қоры – 5 200 000 теңге.



Қатысушылар челленджге кез келген уақытта қосыла алады және өздеріне ыңғайлы қарқынмен қатысады. Ең бастысы – алғашқы қадамды жасап, табиғатты қорғауға бағытталған нақты экологиялық іс-шараларды жүзеге асыру.


Челлендж 2026 жылғы 15 шілде мен 12 қазан аралығында өтеді.


Толық ережемен @tazamangystau парақшасы арқылы таныса аласыз.


Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Ендеше, туған өлкемізді бірге таза әрі жасыл етейік!

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!