Otpan News Logo

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдайды

|
24.02.2026 17:26
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдайды

«МАЭК» ЖШС ұжымына жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесу нәтижесінде ұжым мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Іс-шараға «МАЭК» ЖШС бас директоры Кинис Ураков, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, ҚР Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров пен Сүйіндік Алдашев қатысты. «МАЭК» ЖШС - өңірдегі стратегиялық маңызы бар энергетикалық нысан. Кәсіпорын облыс халқын тұрақты электр қуатымен, су және жылумен қамтамасыз етіп отырған мекеме. Кездесу барысында ұжым қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен әр бабы кеңінен түсіндірілді. 


Атап айтқанда, конституциялық реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелердің, соның ішінде қыз алып қашу фактілерінің алдын алу бағытындағы құқықтық тетіктері жан-жақты баяндалды. Жиналыс барысында бір палаталы Парламент құру мәселесі де кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар заң шығару жүйесін жетілдіру, өкілеттіктерді оңтайландыру және халық өкілдігінің тиімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.


«Бірінші мақсатымыз әділетті қазақстан құру, оған тікелей темір қазығына байлаулы тұрған заң мен тәртіп. Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын әзірлеу барысында құжаттың әрбір сөзіне, тіпті әрбір үтірі мен нүктесіне дейін ерекше мән берілді. Әр тармақ, әр сөйлем жан-жақты талқыланып, кей тұстарда қызу пікірталастар орын алды. Себебі үтірдің немесе нүктенің дұрыс қойылмауы мәтіннің мағынасына тікелей әсер ететіні ескерілді. Бұл жолы Конституция жобасы бұрынғыдай алдымен орыс тілінде емес, қазақ тілінде әзірленіп, мемлекеттік тілдің мәртебесіне айрықша көңіл бөлінді. Құжатты талқылау үдерісі бұқаралық ақпарат құралдарында ашық көрсетіліп, қоғам назарына кеңінен ұсынылды», - дейді Жаңбырбай Матаев.
239
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!