Otpan News Logo

Құстардың өлекселері табылған жерден сынама алынды

|
10.02.2026 15:14
Құстардың өлекселері табылған жерден сынама алынды

Маңғыстауда зерттеу жұмысын жүргізу барысында өлі құстардың өлексесі мен судан сынама алынды. Айта кетсек,

Түпқараған ауданындағы жағалауда ондаған аққу мен үйректің ұшасы табылды деп хабарлайды otpannews.kz.

Маңғыстау облысының экология департаменті мамандары тексеру жұмыстарын жүргізіп, судан сынама алғанын мәлімдеді.


«Талдау нәтижелері мен қабылданған шаралар қосымша хабарланады. Сонымен қатар, тексеру кезінде Каспий теңізіне бағытталған су іздері анықталды. Бұл іздердің шығу себеп салдарын анықтау үшін Маңғыстау облысының Су ресурстары және суармалы жерлер басқармасына, сондай-ақ Жайық-Каспий бассейні инспекциясының Маңғыстау облыстық бөлімшесіне сұрау жолданды», – деп хабарлады экология департаменті.
165
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!