Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының қызметкері Дана Ешекенова: «15 наурызда өтетін референдумға бәріміз бірауыздан қатысамыз»
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының қызметкері Дана Ешекенова жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістердің ауқымды әрі маңызды екенін атап өтті.
Оның айтуынша, жаңа редакцияда көпбалалы отбасыларды, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды және ерекше диагнозы бар балаларды қорғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл – әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған нақты қадам.
Сонымен қатар, жаңа заңда ғылымды, инновацияны, білім мен жаңа технологияларды дамытуға басымдық берілгені ерекше назар аудартады. Мұның бәрі елдің болашағын қалыптастыратын стратегиялық бағыттар екені сөзсіз.
Дана Ешекенова алдағы 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығын атап өтіп, барша азаматтарды белсенді қатысуға шақырды. Оның пікірінше, бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды тарихи таңдау.