Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанның туристік аймақтары Starlink интернетіне қосылады

Қазақстанның туристік аймақтары Starlink интернетіне қосылады

Премьер-министр Олжас Бектенов елдегі көптеген туристік аймақта интернеттің қолжетімсізділігіне қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды otpannews.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Үкімет басшысы 2025 жылдың 13 тамызынан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін ұсына бастағанын атап өтті.


2025 жылдың 20 тамызында облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен туристік аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне арналған арнайы кеңес өткізілді. Жиында өңірлерге шалғай орналасқан туристік орындарды спутниктік технологиялар арқылы интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ бұл аймақтарды интернетке қосуға болатынын растады, – делінген ресми жауапта.


Премьер-министрдің айтуынша, туристік аймақтарға кеңжолақты интернет қызметі Starlink спутниктік терминалдары арқылы жеткізіледі.


Спутниктік технологияларды қолдана отырып туристік нысандарды байланыспен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатыр. 2027 жылдың соңына дейін нарыққа Amazon Kuiper және Shanghai Spacecom Satellite Technology Co., Ltd операторлары шығуы мүмкін, – деді Олжас Бектенов.


Жоба жүзеге асқаннан кейін елдің шалғайдағы туристік аймақтарында интернет қолжетімділігі айтарлықтай жақсарып, туризм инфрақұрылымын дамытуға серпін береді.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!