Ақтау маңындағы әуе апатына қатысты тергеудің аяқталу мерзімі әлі белгісіз – ҚР Көлік министрлігі
Бір жыл бұрын Ақтау қаласы маңында болған AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Оның айтуынша, арнайы комиссия алғашқы алдын ала нәтижелерді үш айдан кейін толық көлемде ұсынған.
«Қазір тергеудің терең кезеңі жүріп жатыр, бірқатар күрделі сараптама жүргізілуде. Барлық жұмыс аяқталған соң, алдыңғы есеп сияқты ақпаратты жариялаймыз. Мерзімін нақты айта алмаймыз, себебі мәселе өте күрделі. Сондықтан қазір қандай да бір уақытты кепілдік ете алмаймын. Бірақ жыл соңына дейін арнайы баспасөз баяндамасын жариялаймыз», – деді вице-министр Мақсат Қалиақпаров.
Еске салайық, әуе апаты өткен жылдың желтоқсанында Ақтау қаласына жақын маңда болған. Апат салдарынан 38 адам, оның ішінде Қазақстан азаматтары да қаза тапқан.
48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев