Ақтауда кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Gov.kz
Полиция департаменті аталған деректі растады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Жәбірленуші – 13 жасар бала. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталды және сот шешімімен екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Әлеуметтік желілерде баланы зорлады деген күдіктінің өңірге танымал, дронмен түсірілім жасайтын видеограф екендігі туралы айтылуда.
8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев