Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Нұрдәулет Жарылғапов Маңғыстау қоржынына алтын жүлде салды

Нұрдәулет Жарылғапов Маңғыстау қоржынына алтын жүлде салды

Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының палуаны Нұрдәулет Жарылғапов +100 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Қара бура» лақап атымен танымал жерлесіміздің жеке жаттықтырушысы – Қайрат Бурбасов. Шымкент қаласында өтіп жатқан дүбірлы додада еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы, оның ішінде Маңғыстау облысынан 27 палуан қатысып жатыр.  


+100 келі салмақ дәрежесіндегі белдесу нәтижесі:

І орын – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)

ІІ орын – Қайсар Шамшидинов (Түркістан облысы)

ІІІ орын – Данил Федоров (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Нұрсұлтан Қожагелдіұлы (Шымкент қаласы)


Ел чемпионатында топ жарған Нұрдәулет Жарылғапов 2026 жылы Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына, сондай-ақ Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.


Айта кетейік, ол бұған дейін «Qazaqstan Barysy – 2025» турнирінде қола белбеу иегері атанған еді.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!