Маңғыстау облысында адам саудасына қарсы іс-қимыл шаралары күшейтілді
Маңғыстау облысында ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі — адам саудасына қарсы күрес. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024–2026 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыста кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Адам саудасының алдын алу және еңбекті қанау құрбандарын анықтау мақсатында Маңғыстау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мобильді топтардың шалғайдағы шаруа қожалықтарына шығу кестесін әзірледі. Сонымен қатар көші-қон қызметі басқармасы шетелден келген азаматтардың еңбек шарттарының заңдылығын тексеруді тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Мобильді топтар тоқсан сайын шаруа қожалық иелері мен жұмысшыларын қамти отырып, «Адам саудасына қарсы іс-қимыл» тақырыбында ақпараттық акциялар өткізеді. Бұл шаралар еңбек қатынастарын заңдастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және мүмкін болатын заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Жыл басынан бері облыста адам саудасына байланысты 6 қылмыстық іс қозғалған.